"Алтын" бағасын белгілеудегі өсім оң фактор болды. Яғни қараша айында алтын бағасы бір унция үшін 1998 доллардан 2038 долларға дейін өсті. Бұл ретте бағалы металл бағасының өсуі әлемдегі геосаяси жағдайдың күрт нашарлауына, атап айтқанда, Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты орын алды", – деді Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.
Естеріңізде болса, желтоқсан айының басында бір троя унциясы 2,1 мың доллардан асқан алтын бағасы коронавирус пандемиясы кезіндегі тарихи рекордты жаңартқан болатын.
Жалпы, бір жыл бұрын бағаның өсуіне әлемнің орталық банктері алтын активін белсенді сатып алуы ықпал етті. Бұл ретте АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемелерінің өсуіне қарамастан алтынның құны өсті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін алтын бағасының тарихи "максимумы" 2020 жылғы тамызда, Covid-19 пандемиясы кезінде тіркелген болатын.