22 желтоқсандағы саудада доллар бағамы 2,5 теңгеге көтерілді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 2,49 теңгеге көтеріліп, 459,69 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 64,38 теңге (+0,53) болды.

Еуро бағамын Ұлттық банк 500,04 теңге, рубльді 4,97 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 458,5-460,5 теңге, еуро 503-506 теңге, ресей рублі 4,99-5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ал 22 желтоқсандағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың ақпандағы фьючерстерінің құны 1,01%-ға өсіп, барреліне 80,19 доллар болды.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының ақпан айындағы фьючерстері барреліне 0,97%-ға өсіп, 74,61 доллар болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті