Павлодардағы кәсіпорын жарты миллиард теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған

Сурет: freepik
Павлодар прокурорлары бюджетке жарты миллиард теңгеден астам қаражат түспеудің жолын кесті. Облыс прокуратурасы жарты миллиард теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтару фактілерін анықтады.

Жіксіз болат құбырларын өндіруші "KSP Steel" ЖШС ПФ төмен ставка бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем жасады. ЖШС қауіпті қалдықтардың тоннасы үшін 1 АЕК орнына 0,038 АЕК мөлшерлемесін қолданған. Бұл арқылы 113 мың тонна қожды орналастырғаны үшін 567,2 млн. орнына 9,7 млн ғана төленді.


"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кірістер органдары кәсіпорынға 557,5 млн қосымша есептеді. Онымен ЖШС келіспеді және фискалдық органның актісіне соттарға шағымданды. 2024 жылғы 30 қаңтарда Жоғарғы Сот облыс прокуратурасының кассациялық өтінішхатын қанағаттандырып, жоғарыда көрсетілген сомаларды бюджетке өтеу туралы шешімді күшінде қалдырды".Павлодар облысының прокуратурасы
Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді