Наурызда ел өңірлерінде тауарлар бағасы қаншалықты өсті

Сурет: pixabay
Наурызда елімізде жылдық инфляция етігін басып, баяулады. Алайда, кейбір аймақтарда азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсімі елдік деңгейінен жоғары болып шығып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ұлттық банктің мәліметінше, наурыз айында елімізде жылдық инфляция баяулап, 9,1%-ды (ақпанда – 9,3%) құрады. Наурызда азық-түлік тауарларының бағасы 6,9%-ға дейін, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 8,2%-ға дейін бәсеңдеді, ал ақылы көрсетілетін қызмет бағасы, керісінше 13,2%-ға дейін жеделдеді.

Ресми зерттеу қорытындысында жылдық инфляция 14 өңірде бәсеңдесе, бес облыста қарқын алып, бір өңірде өзгеріссіз қалды. Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды мен Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Наурызда азық-түлік тауарларының бағасы Ұлытау облысында (10,5%) барынша қарқын алды, ал Алматы облысында (4,3%) мейілінше баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (13,2%), ең төменгі мән Жетісу облысында (6,5%) тіркелді.

Наурызда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы Павлодар облысында жалпы республикалық деңгейден біршама тез (18,2%), Ұлытау облысында (8,6%) айтарлықтай баяу өсті.


"Наурызда еліміз бойынша айлық инфляция 0,7%-ға шарықтады. Бұл – тарихи орташа мәннен жоғары (2017-2021 жылдардағы наурызда – 0,6%)". ҚР Ұлттық банк

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қанша адам педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды

2026 жылы қандай жаңа заңдар қабылданады

Бірқатар салықтар бойынша есептілік тапсыру және төлем жасау мерзімі 20 шілдеде аяқталады

Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған