Криптовалюталарға инвестиция салу: Мәдиев өз тәжірбиесімен бөлісті

Сурет: pixabay
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев 12 шілдеде өткен брифинг барысында қандай криптовалюталарға инвестиция жасау жөн екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр әртүрлі криптовалюталарға инвестиция салғанын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Ол Bitcoin, Ethereum және BNB сатып алған. Журналистер қай криптовалютадан жақсы табыс тапқанын нақтылап сұрады. 

"Енді мен өзімнің жеке инвестициялық табысым туралы айтып отырмаймын ғой. Бір жерде жоғалттым,  бір жерде табыс таптым. Криптовалюта деген құбылмалы құрал, негізі. Сондықтан, егер оған инвестиция жасайтын болсаңыз, онда уақытша құбылмалы сәтті пайдалануға әсте ұмтылмаңыз, керісінше ұзақ мерзімге жоспар жасаған жөн деп санаймын. Жоғалтсаңыз, еш өкінбейтін капиталды инвестициялау керек. Сондықтан ұзақ мерзімді инвестиция болған дұрыс, бұл менің жеке пікірім", - деді Мәдиев.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды