Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу рәсімдерін нақты уақыт режимінде тексеруді жоспарлап отыр

Сурет: freepik
Қаржы министрлігі цифрлық бюджеттік өтінімдерді, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, бюджет қаражатын пайдалануды және мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін жүргізуді нақты уақыт режимінде тексеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметін қорытындылау кезінде мәлім болды.


"Комитет пен аумақтық департаменттердің алдына пост-аудиттен алдын алу және электрондық аудитті кеңейтуге көшу міндеті қойылды. Министрліктің цифрлық орта жағдайында ІМАК нақты уақыт режимінде бюджеттік өтінімдерді, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, бюджет қаражатын пайдалануды және Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін жүргізуді тексеру қажет", делінген хабарламада.

Құзырлы ведомство қазір профилактикалық бақылау шараларының тиімділігін, сапасын арттыру және күшейту үшін комитетпен цифрлық онлайн-форматта бюджет шығыстарын жоспарлау сатысында мониторинг процесін және ден қою шараларын автоматтандыру, сондай-ақ электрондық аудит функционалын қолдануды кеңейту және шарттық міндеттемелердің орындалуына және нақты уақыт режимінде бухгалтерлік есепті жүргізуге камералдық бақылауды енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын нақтылады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты