Ставкалардың төмендеуі және кепілсіз несиелердің өсуі: бизнесті несиелеу нарығында қандай өзгерістер бар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бизнесті несиелеу нарығында қандай өзгерістер бар екендігін және өзге де маңызды мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, бизнеске берілген кредиттер бойынша мөлшерлемелердің біртіндеп төмендеуі байқалады, бұл ақша-кредит талаптарының жеңілдетілуіне байланысты.

"Егер өткен жылғы маусым айында бизнеске берілген кредиттер бойынша орташа алынған мөлшерлеме 19%-ды құраса, ағымдағы жылғы маусым айында ол 18,6% деңгейінде қалыптасты". Нұрлан Әбдірахманов

Спикердің сөзінше, құнның төмендеуі аясында ірі бизнес тарапынан банктердің кредиттік ресурстарына сұраныстың өсуінің жеделдеуі байқалады, нәтижесінде 2024 жылғы 1-жартыжылдықта ірі бизнеске жаңа қарыздар беру 2023 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 21,7%-ға ұлғайды.

Бұдан өзге бизнеске кредит беру мерзімінің біртіндеп ұлғаюы байқалады. Жалпы корпоративтік портфельдегі 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен бизнеске берілген қарыздардың үлесі бір жыл ішінде 2023 жылғы 1 шілдедегі 34,6%-дан ағымдағы жылғы маусымның қорытындысы бойынша 36,3%-ға дейін ұлғайды.

"Бизнестің кредиттік өтінімдерін қарау процестерін оңайлату, банктердің скорингтік модельдерін жетілдіру жөніндегі банктердің белсенді жұмысының нәтижесінде бизнеске кепілсіз кредит беру үлесінің өсуі байқалады, олардың жаңа кредиттер берудегі деңгейі 2023 жылғы 1-жартыжылдықтағы 15,8%-дан 2024 жылғы 1-жартыжылдықта 20,3%-ға дейін өсті",- деп толықтырды ол.

Мұнымен қоса, бизнес субъектілерін банктік кредит берумен қамтуды кеңейту үрдісі жалғасуда. Мәселен, 2024 жылдың 5 айында 10, қарыз алушы-ШОБ субъектілерінің саны 491 мыңға дейін 7%-ға өсті.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: