Спикер банк жүйесі ел экономикасында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
"Банктерсіз біз өмір сүріп, жұмыс істей алмас едік. Банктер коммерциялық ұйымдар болып табылады және жарнама олардың қызметінің ажырамас бөлігі. Жауапкершілік өзімізде, біз әр жарнамаға ілігіп, қатты қажеттілігі жоқ нәрсеге несие ала бермеуіміз керек. Әркім өз шешіміне жауапты. Мәселелердің басым бөлігі адамдар болашақта туындауы мүмкін өз мүмкіндіктері мен тәуекелдерін, мысалы, жұмысынан айырылу, денсаулық проблемалары және т.б. дұрыс бағаламаған кезде туындайды", – деді Нұрпейісов.
Ол сондай-ақ елдегі онлайн несиелерге тыйым салу мүмкіндігі туралы түсініктеме берді.
"Біз тыйым салу емес, белгілі бір проблемалық нүктелерді шектеу принципінен бастауымыз керек. Онлайн несиелерге келсек, бұл жаңа мүмкіндіктер. Бұл банктік өнім бізге қажет болған жағдайда оңай несие алуға мүмкіндік береді. Бірақ, артынан несиелерді жаба алмаймыз деп банктерді кінәлаудың мағынасы жоқ, бұл олардың проблемасы емес. Біз жаңа банк өнімдерінің ілгерілеуі мен дамуын тоқтатпауымыз керек", – дейді спикер.
Бұған дейін елдегі азаматтардың енді алимент алу үшін арнайы шоттар ашатындығы хабарланған болатын.