Картоп дағдарысы: неге кейбір аймақтарда баға әлі көтеріліп жатыр

Фото: Zakon.kz
ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, соңғы аптада картоп бағасы орта есеппен 2,2%-ға өсті. Бұл биліктің танымал өнімнің бағасын тұрақтандыруға бағытталған барлық әрекетіне қайшы келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы ел бойынша картоп бағасының теріс серпініне қарамастан, Қазақстанның жеті қаласында – Алматы, Қостанай, Орал, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Қонаевта – өсімді тоқтатуға мүмкіндік туды: мұнда тұтыну бағасының индексі нөлге тең.

Дегенмен, жағымсыз ерекшеліктер де бар. Мысалы, Астанада бір апта ішінде картоптың бағасы бірден 11,1%-ға "өсті". Келесі өңірлерде де айтарлықтай қымбаттады.

Картоп та қымбаттады:

Жалпы, 4 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда картоп жыл басынан бері 17,8%-ға, ал бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 61,8%-ға өскен.

Сарапшылардың пікірінше, өнім бағасының күрт көтерілуінің себептерінің бірі экспортты бақылаудың жоқтығы.

Бұл ретте, Еnergyprom мониторинг агенттігінің сарапшылары 2024 жылы картоп экспортының ең көп көлемі қаңтардан сәуірге дейін және қыркүйектен қарашаға дейін болғанын есептеді.

Сурет: energyprom

Айта кетейік, соңғы 12 айдың қорытындысы бойынша картоп барлық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің арасында бағаның өсуі бойынша көш басында. Осы уақыт ішінде оның бағасы 17,8%-ға өсті. Қырыққабат бір жылда 8,2%-ға, сәбіз мен сиыр еті 2,7%-ға қымбаттады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Ақтауда кәсіпкер ісін дөңгелету үшін мемлекеттен алған 117 млн теңге субсидияны депозитте сақтаған

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе