Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін биткоиннің құны өсті

Фото: Zakon.kz
АҚШ президенті Дональд Трамп елдің криптовалюталарының стратегиялық резервін құру туралы мәлімдеді, бұл бірден биткоиннің бағасына әсер етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Barrons порталы ақпаратынша, Binance биржасында биткоиннің Астана уақыты бойынша 22:23-тегі жағдайы тәулігіне 7,62%-ға – 91 530 долларға дейін өсті. Мәлімдемеге дейін биткоин 85 мың доллар аймағында саудаланып тұрды, ал жұма күні тіпті 80 мыңға дейін құлдыраған болатын.

20-дан астам биржаның орташа бағасын есептейтін CoinMarketCap порталының мәліметтері бойынша, биткоиннің құны 7,93%-ға – 91 724 долларға дейін өсті.

Айта кетейік, Трамп елдің криптовалюталарының стратегиялық резервін құру туралы қаулыны мәлімдеді Оның Truth Social әлеуметтік желісіндегі жарияланымына сәйкес, жаңа криптовалюта резервіне Cardano (ADA), Solana (SOL), Ripple (XRP) сияқты криптовалюталар кіреді. Кейінірек ол биткоин мен Ethereum АҚШ-тың стратегиялық криптовалюта резервінің негізі болатынын айтты.

Бұған дейін Қазақстанда 2025 жылы инфляция деңгейі айтарлықтай өсуі мүмкін екендігі хабарланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды