Астанада мемлекеттік кәсіпорынды тақырға отырғызған ЖШС басшысы сотталды
Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 4 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін "К" ЖШС басшысына қатысты айыптау үкімін шығарды.
Тергеу барысында ер адамның әскери-техникалық мүлікті жеткізу саласында тәжірибесі барын анықтады. Ол ЖШС басшысы ретінде әҚазспецэкспортә РМК-мен 874 млн теңге сомасына парашюттық жабдық жеткізу туралы шарт жасасқан. Алайда А. шарттық міндеттемелерді орындауды әуел бастан көздемеген және өнімді жеткізуге нақты мүмкіндігі болмаған.
"Аванс алу мақсатында ол "Freedom Finance Insurance" сақтандыру компаниясы" АҚ-мен сақтандыру шартын жасасқан. "Қазспецэкспорт" РМК мен сақтандыру компаниясы өкілдерін алдау арқылы А. 646 млн теңге мөлшерінде аванс алған. Алайда жабдықты белгіленген мерзімде жеткізбей, бюджет қаражатын өз қалауы бойынша жұмсаған. Нәтижесінде мемлекетке 646 млн теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген. Сонымен қатар сақтандыру шарты аясында аталған соманы "Қазспецэкспорт»" РМК-ға төлеген сақтандыру компаниясына да залал келтірілген. Сот талқылауының қорытындысы бойынша А. аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды", делінген іс материалдарында.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілер өкілдері мен куәлардың айғақтарымен, аудиторлық қорытындымен және тауар сараптамасының қорытындысымен дәлелденді.
Жаза тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының кәмелетке толмаған екі баласының болуын ескерді. А-ның әрекеттерінде ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
"Жасалған қылмыстың мән-жайлары мен ауырлығын, мемлекет пен сақтандыру компаниясына келтірілген аса ірі залалдың өтелмегенін, жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот А-ға 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, сондай-ақ 6 жыл мерзімге қосымша жаза тағайындады. Азаматтық талаптар қойылған жоқ, өйткені залал сомасы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сот шешімі негізінде өндірілген".Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Шымкентте жергілікті тұрғынды ұрлап, өлтіру ісі бойынша алты ер адамға қатысты сот үкімі шыққанын жазғанбыз. Сотта жантүршігерлік мәліметтер анықталды: жәбірленушіні топ адам ұрып-соғып, күштеп көлікке отырғызып, Түркістан облысына апарған, оны сол жерде өлтірген