Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметкер мектеп директорын 18,5 млн теңгеге тақырға отырғызған
Сурет: Zakon.kz
Шалқар аудандық сотында лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланды деген айыппен мемлекеттік аппарат басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, ол мемлекеттік функцияларды орындауға бөлім басшысы лауазымында бола тұра, мектеп директорына телефон арқылы барлық мектеп директорларынан тексеріске ақша жинап беру керектігін айтқан.Нәтижесінже жиналған 18 500 000 ақша қаражатын иемденген ол оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Қылмыстық іс сотқа түспей тұрып, прокурор мен сотталушының араларында кінәні мойындау туралы процестік келісім жасалған.
"Сот үкімімен сотталушыны Ж. кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы мен пробациялық бақылау тағайындалды".Шалқар аудандық сотының баспасөз қызметі
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript