Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда кәсіпкерді алдаған мемлекеттік қызметкер қомақты айыппұл арқалады

Сот үкімі, Орал, кәсіпкер, тендер, мемлекеттік қызметкер, алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2024 19:13 Сурет: Zakon.kz
Орал қалалық сотында алдау арқылы бөтеннің мүлкін жымқырды деген айыппен мемлекеттік қызметшіге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, мемлекеттік тас жолының күрделі жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс ойнатылайын деп жатқанын білген ЖШС директоры оған қатыспақ болады. Нәтижесінде, мемлекеттік сатып алу порталында балдық есептік көрсеткішке сәйкес жеңімпаз болып танылған. "Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ-і мен ЖШС-нің арасында келісімшарт жасалып, оның шотына аванс жіберілген.

"ЖШС директорының сұрағына, жоғарыда көрсетілген келісімшарт бойынша аванстың қалған бөлігі қашан түсетінін сұраған кезде, басқарманың бас маманы уәкілетті тұлға бола отырып, алдау жолымен  "аванс бөлігін төлеймін" деп 500 000 теңге сұраған. Басқарманың бас маманы Орал қаласының әкімшілік аумағына барып, "аванс бөлігін төлету үшін жүрмін" деп, ЖШС директорын алдап "Kaspi Bank" АҚ-дағы шотына 500 000 теңге аудартып алған", делінген сот хабарламасында.

Сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін мойындады.

Сот ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен оны кінәлі деп танып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 5 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл салу түрінде жаза тағайындады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: