Қостанайда мемлекеттік қызметкер алаяқтық және парақорлық айыбы бойынша сотталды
Іс құжаттарында көрсетілгендей, сотталушы кәсіпкерге өз көмегін ұсынып, ақысына 100 мың теңге көлемінде пара сұраған, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сонлай-ақ сотталушы кәсіпкерге әлеуметтік төлемдерді кешіктірген және қарызы болған жағдайда, оған қатысты жауапкершілік шараларын қолданбай, оның мүддесіне сай әрекет ету үшін ай сайын 30 000 теңге көлемінде қаражат аударуды ұсынған.
Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Сотқа дейінгі тергеу органы істі сотқа дейінгі жеделдетілген өндірісте қарады.
Жасалған әрекеттің сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жеке басын, істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сот сотталушыға қатысты ҚР ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігін қолдана отырып, қылмыстардың жиынтығына ішінара қосу арқылы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен қатар, 1 200 000 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі түпкілікті жаза тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.