Ауылшаруашылығы министрлігінің шенеунігі пара алу бабымен сотталды

Сот үкімі, Қостанай, АШМ, комитет бастығы, шенеунік, пара алу, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2024 17:29 Сурет: Zakon.kz
Қостанай қаласының №2 сотында Ауылшаруашылығы министрлігі комитетінің төрағасына қатысты пара алу, сондай-ақ ЖШС директорына қатысты пара беру айыбы бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2024 жылдың маусым айында сотталушы Қостанайда өз үйінің подъезі алдында ЖШС директорының өзінің қызметкері арқылы беріп жіберген 2 000 000 теңгені алғаны белгілі болды. Одан кейін тамыз айында СОО-да орналасқан кафеде ол ЖШС директорының өзінен келісілген соманың қалған бөлігі - 2 400 000 теңгеі алған. Бұл ақшаға сотталушы 78 млн 125 мың теңге сомасына бір көзден пестицидтерді сатып алу туралы шарт жасасуды уәде еткен.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктілер қылмыс жасағаны үшін кінәні толық көлемде мойындады, өкініш білдірді, осыған байланысты іс сотқа жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру хаттамасымен келіп түсті.


"Сотталушылардың жеке басын, сыбайлас жемқорлық ауыр қылмыстар санаттарына жататын жасаған іс - әрекеттерінің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, іс бойынша барлық мән-жайларды, сондай-ақ ҚК-нің 55-бабы 3-бөлігінің талаптарын ескере отырып, сот мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, лауазымды тұлғаға ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеу тұрғысында 3 жыл 6 ай мерзімге, ал кәсіпкерге 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады", делінген сот хабарламасында.

Шенеуніктен алынған пара - 4 000 000 теңге мемлекет кірісіне айналдырылды, сондай-ақ параның қалған сомасының құны 400 000 теңге мемлекет кірісіне өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: