Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде науқас балалардың еміне жиналған ақшаны жымқырды деген айыппен қор басшысы сотталды

Сот үкімі, Ақтөбе, More Life, қор басшысы, ақша ұрлау, науқас балалар емі , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 21:42 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе қаласының № 2 сотында өзінің қызметтік жағдайын теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау, аса ірі мөлшерде қылмыс жасады деген айыппен "More Life" қоғамдық қорының директорына қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың мәліметінше, "More Life" қоғамдық қорының директоры 2022-2024 жылдар аралығында қайырымдылық ретінде науқас балалардың ата-аналарының шоттарына түскен 43 889 429 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты алаяқтық жолымен иемденген.

Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындамады. Жауап беруден де бас тартты.

Сот сотталушыны ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған 10 жыл мерзімге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық залал сомасын өндіріп алу туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: