Қостанай облысында адвокат сотталды
Сотта 2022 жылы қарашада қылмыстық іс бойынша өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін С. Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Б-мен 600 000 теңге сомасына шарт жасағаны анықталды. 2024 жылы 27 ақпанда адвокат Б. Рудный қалалық сотының ғимаратында сот істі прокурорға қайта жіберу туралы шешімді жария еткеннен кейін, ақшалай қаражатты иемдену мақсатында С-ны алдау және прокуратура қызметкерлері 2 000 000 теңге сомасында ақша талап етіп жатқанын жеткізеді. Алайда С. көрсетілген соманы беруден бас тартып, оларға 600 000 теңге мөлшерінде өзінің адвокаттық алымының сомасын ұсынуды айтады.
Алайда, іс жүзінде адвокат Б. прокуратура қызметкерлерінің ешқайсысымен кездеспеген, қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы мәселені талқыламаған да, уағдаласпаған да. С. ақша аударуға дайын екенін білдірді, бірақ кейінірек талаптардың заңсыздығын түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке адвокат Б-ға қатысты арызбен жүгінеді.
Прокурор Б-ға пара сомасының 20 еселенген мөлшерінде, яғни 12 000 000 теңге айыппұл тағайындап және қылмыстық жолмен алынған 26 000 Ресей рублі түріндегі мүлікті тәркілеу, мемлекеттік қызметте қызмет етуге өмір бойы тыйым салу түрінде жаза тағайындауды сұрады.
Айыпталушы Б. кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді.
Сот жазаны тағайындау кезінде сотталушының жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін жайт ретінде - оның шын жүректен өкінетінін мойындады.
"Сот Б-ны ҚР ҚК-нің 24-бабы, 3-бөлігі, 190-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы және ҚР ҚК-нің 28-бабы, 4-бөлігі, 367-бабы, 2-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. Сотталушының қылмыстық жолмен алынған, яғни 26 000 Ресей рубліне сатып алынған мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруына өмір бойына тыйым салынып, параның 20 еселенген сомасы 12 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл салу түрінде түпкілікті жаза тағайындалды", делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.