Алматыда клиенттерін екі миллион теңгеге алдап кеткен адвокат сотталды
Сурет: freepik
Адвокаттың үстінен қозғалған қылмыстық іс Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында қаралды. Оған алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Г. Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты болған, қылмыстық жауапкершілікке тартылған А. және Г. есімді азаматтарды қорғауы керек болған. Оның клиенттері шот-фактураларды нақты қызмет көрсетілмей тұрып жазып берген.
Адвокат сотталушыларды адастырып, Экономикалық тергеу департаментінің тергеушісіне пара беру керек деген желеумен олардан 1 млн теңге алған.
"Жаза тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайларды (жас баласының болуын) және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар (кәсіби антын бұзу) ескерді", – делінген Алматы қалалық сотының хабарламасында.
Адвокат кінәлі деп танылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript