Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде қаржы пирамидасының басшысы алты жылға сотталды

Қаржы пирамидасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 18:45 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Аса ірі мөлшерде ақша тарта отырып, қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық жасады деген айыппен (217-бап, 3-тармақ, 2-бөлік) Т- ға қатысты қылмыстық іс Ақтөбе қаласының №2 сотында қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚК-нің 217-бабы, 3-тармағы 2-бөлігі жеті жылға дейінгі мерзімде белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкін тәркілеу, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

"Сот шындап өкіну, асырауында жас баланың болуы және қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың болмауы сынды қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, оған коммерциялық және қаржы ұйымдарында 7 жыл мерзім басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады". Ақтөбе қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Іс материалдарына сәйкес, Т. 2019 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2020 жылдың 22 ақпанына дейін экономикалық қызмет саласында өрбіген ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасады.

Сот алдын-ала сөз байласқан адамдар тобын құра отырып, қаржы пирамидасын құрғанын, оған басшылық еткенін және аса ірі мөлшерде ақша қаражатын тартқанын анықтады.

"Жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын 192 азаматтың жинаған ақшасы осы жолмен тартылды, салымшылардың шығыны 825 003 641 теңгені құрады". Ақтөбе қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі

Сот отырысында Т. кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді.


"Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен расталады. Прокурор соттан оған сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады". Ақтөбе қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: