"Түрмеден шығарамын" деген уәдемен 112 млн қаражатты жымқырған әйел бас бостандығынан айрылды

Тенге, деньги, коррупция, взятка, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 14:57 Фото: Zakon.kz
Ақтөбе қаласының №2 сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген айып тағылған әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот дерегінше, 2022 жылғы шілдеден 2023 жылғы қыркүйекке дейін сотталушы К. алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен, ​Б-ға оның күйеуін бас бостандығынан айыру орындарынан апелляциялық сот арқылы босатуға өзінің "қызметі" үшін қомақты төлем сұрады.

"Онымен қоса, сотталушы құқық қорғау органдары мен ҰҚК-да байланыстары бар екендігін мәлімдеді. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде жәбірленушіге 112 млн теңге сомасында материалдық шығын келтірілді",- делінген ақпаратта.

Сот отырысында сотталушы әйел кінәсін мойындамады. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің жауабымен, куәгерлердің жауаптарымен және сот отырысында зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталады.

"Сот үкімімен сотталушы К. кінәлі деп танылып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын тағайындады. Жәбірленушінің азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды".Ақтөбе қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Жамбыл облысында сот шектеулерін сақтамағаны үшін 98 тұлға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: