Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында сот шектеулерін сақтамағаны үшін 98 тұлға бас бостандығынан айырылды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 11:30 Фото: pxhere
Жамбыл облысының прокуратурасы "Сотталғандардың өңірдегі криминализацияға әсерін төмендету" жобасын іске асыру барысында облыс бойынша ҚАЖД-нің пробация қызметімен пробациялық бақылау жүргізу кезіндебірқатар бұзушылықтарды анықтады.

Пробация қызметтері мен ішкі істер органдары арасында жеткіліксіз өзара әрекеттестік, сондай-ақ, ауыр бұзушылардың жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы сотқа уақтылы ұсыныстарды жолдамау фактілері анықталды.

Сот үкімдерімен белгіленген шектеулердің орындалуын талдау нәтижесінде есепте тұрған тұлғалармен қатысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалғаны, бақылаудағы аумақтан шығу жағдайлары анықталды.

Қадағалау актісі бойынша пробация қызметі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы 45 ұсыныс жолданды, олардың 15-і сотпен қанағаттандырылды, қалғандары қаралу сатысында.

Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бастап белгіленген сот шектеулерін бұзғаны үшін 98 азамат бас бостандығынан айырылды.

Бұл шаралар қайталама қылмыстардың төмендеуіне және криминогендік жағдайдың жақсаруына ықпал етті.

Пробациялық бақылау саласындағы аталған кемшіліктер облыс әкімі, құқық қорғау және арнайы органдардың басшыларының қатысуымен өткен Үйлестіру кеңесінде қаралды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: