Алматы облысында шетелдік азаматтарды азаптаған полицейлер сотталды
Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында азаптау және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айыппен құқық қорғау органдарының алты қызметкеріне қатысты қозғалған қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облыстық сотының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтарында 44 жәбірленуші, оның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары ПБ арнайы қабылдағышына орналастырылды.
"Сотталушылар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, заңға қайшы әрекеттер жасады, нәтижесінде зардап шеккендер азаптауға ұшырады", делінген сот хабарламасында.
Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, сотта расталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденді.
"Сот үкімімен 6 полиция қызметкері 146-баптың 1-бөлігінде (2023 жылғы 17 наурызға дейін редакцияда) және ҚК-нің 362-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес әрқайсысына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды".Алматы облысы Қарасай аудандық сотының баспасөз қызметі
Барлық сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды, сондай-ақ арнаулы атақтарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Алматы облысында бір топ барымташы ұсталғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript