Ол көшелер мен жолдарда шетел валюталарының бағамдары көрсетілетін айырбастау пункттерін 90-жылдардың анахронизмі деп атады.
"90-жылдары қаржылық жүйе болмаған кезде, үнемдеуге мүмкіндік жоқ еді: депозиттер де болмады. Кез келген жинақ жасау мүмкіндігі – бұл тек доллар сатып алу болатын. Ол кезде бұл тақтайшалар маңызды болатын. Ақша ауыстыру үшін Қытайға немесе басқа жаққа бару керек болды... Қазіргі уақытта мұның қажеті жоқ", – деді Ұлттық банк төрағасы.
Ол мемлекет, бизнес, қоғамның өзі долларсыздандыру үшін көп нәрсе жасағанын атап өтті.
"Біз депозиттерді долларсыздандыруға қол жеткіздік. Жеті-сегіз жыл бұрын депозиттердің 70%-ы долларда болатын, қазір тек 22%-ы. Біздің барлық маркетплейстеріміз, жарнамаларымыз, баға белгілеріміз – теңгемен... ... Ендеше барлық дүкендер көшеге өздерінің баға тақтайшаларын ілсін: сүт – 450, нан – 150, картоп – 300. Өйткені бұл да күнделікті тұтынатын тауарлар, мен де 300 теңгеге картопты қайдан сатып алуға болатынын, қайдан 350 немесе 280 теңгеге сатып алуға болатынын білгім келеді. Бірақ ешкім мұны істемейді. 90-жылдардағы анахронизм тек айырбастау пункттерінің тақталарында сақталып қалды. Қазіргі қоғам мен экономика деңгейіне сәйкес келетін уақыт келді", – деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.
Ол сондай-ақ овалюта бағамы бойынша алыпсатарлық тәуекелдері туралы мәселені түсіндірді.
"Қазір ешкім көлікпен немесе автобуспен жүріп, тақтайшаларды іздемейді. Барлығы банк қосымшаларын, kurs.kz сайттарын ашады. Сондықтан бізге шетел валютасының баға белгілері қажет емес", – деді ол.
Бұған дейін Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры тағайындалғаны хабарланған болатын.