"Жаңа рекорд". Қазақстанда алтын құймалары қатты қымбаттады

Сурет: ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Қазақстанда алтын әлемдік нарықтағы баға өсіміне байланысты соңғы апталарда айтарлықтай қымбаттады. Бұл алтын құймалардың құнына да әсер етті. Толығырақ ақпаратты Zakon.kz сайтындағы материалдан оқи отырыңыздар.

Небәрі екі апта ішінде Қазақстанда бір грамм алтынның құны 2 мың теңгеге өсті. Ұлттық Банктің мәліметінше, 11 сәуірдегі жағдай бойынша алтынның бір граммы 51 456 теңгені құрады. Ал ақша айырбастау орындарында сатып алудағы орташа бағам 53 мың теңгеден, сату - 57 мың теңгеден асады.

Айта кетейік, сәуір айының алғашқы күндерінде Қазақстанда алтынның бір граммы алғаш рет 50 мың теңгеден асты. Осыған байланысты алтын құймаларының құны да айтарлықтай өсті.

Айырбас орындары  мен банктерде салмағы 5, 10, 20, 50 немесе 100 грамм алтын құймаларын сатып алуға болады. Бір ай бұрын 10 грамдық құйма орташа есеппен 460-480 мың теңге болатын. Ал, бүгіндері оны сатып алу үшін кемінде 570 мың теңге қажет.

Салмағы 5 грамм болатын құйманы өткен айда шамамен 230-235 мың теңгеге сатып алуға болса, енді оның бүгінгі құны 280 мың теңгеден асады. Осылайша, бір айда алтын құймалары бағасының өсімі шамамен 20% құрайды.

Сурет: Trading Economics

Қазақстанда алтын әлемдік бағалы металдар нарығындағы баға өсімінен кейін қымбаттады. Trading Economics мәліметтері бойынша, жұма күні алтынның унциясының құны 3200 доллардан асып түсті, бұл - жаңа рекорд.

АҚШ долларының әлсіреуі және АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының одан әрі өршуі тәуекелі аз құралға деген сұранысты арттырған.

Айта кетейік, Қытай 12 сәуірден бастап америкалық тауарларға салынатын баж салығын 125%-ға дейін көтерді және өздеріне қатысты тарифті 145%-ға көтерген Ақ үй тағы да оны арттырса, оған қарсы шара қабылдамайтынын мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады