"Баланс толтырған секілді болып ақша аударады". ҚМА байланыс операторларын да тексеретін болады

Сурет: Zakon.kz
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов 2025 жылғы 28 мамырда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында ұялы байланыс операторларының қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстатудағы "көмегі" үшін қандай жаза қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай норма Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобасына енгізілген. Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын бүгін бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта қаржы мониторингі субъектілерінің тізіміне ұялы байланыс операторлары да енгізілгені көрсетілген.

Журналистер ҚМА-ға байланыс операторлары қандай ақпарат ұсынуы керектігін және одан бас тартқаны үшін қандай жаза қолданылатынын сұрады.

"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" ҚР заңнамасын бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 214-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Аталған баптың санкциясы бойынша 20 АЕК-тен 600 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл қарастырылған, оның ауырлығы мен салдарына байланысты лицензиядан айыруға дейін жаза қарастырылады", - деді Жеңіс Елемесов.

Оның айтуынша, әртүрлі адамдардың балансты үнемі толықтырып отыруы күдікке ілінеді.

"Бізді тек балансты толықтыру ғана емес, ерекше, әдеттен тыс толықтырулар да қызықтырады. Өздеріңізге белгілі, балансты толықтыру арқылы адамдар қазір бір-біріне ақша аударады, өйткені оны терминал арқылы алуға болады және оны ақшаны жылыстату кезінде пайдалануға болады", – деп түсіндірді спикер.

Бұған дейін Қазақстанда ҚМА өкілеттігін күшейту көзделіп отырғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады: 25 тамызға дейін не істеу керек

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Вице-премьер Аида Балаева мәйіттік донорлыққа келісім беретінін мәлімдеді

Қазақстанда квазимемлекеттік сектордың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді