Доллар тағы біраз түсті

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 10 маусымда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,12 теңгеге төмендеп, 508,42 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,43 теңгеге (+0,01) дейін көтерілді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,76 теңгені (-0,07) құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 509,1-511,5 теңге, еуро 580-584 теңге, рубль 6,33-6,45 теңге аралығында сатылуда.

10 маусымдағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.

Осылайша, ICE Futures электронды саудасында Брент тамыз фьючерстерінің құны барреліне 0,28%-ға өсіп, 67,23 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері шілде айына 0,28%-ға өсіп, барреліне 65,47 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 508,5 теңге, еуроны 580,66 теңге, рубльді 6,44 теңге деп белгіледі.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды