26 қыркүйектегі саудада доллар бағамы бұрынғы деңгейіне оралды

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 26 қыркүйек күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 544,26 теңгені құрап, 2,45 теңгеге көтерілді.

Рубль бағамы 6,49 теңге деңгейінде сақталды.

Таңертеңгі саудада қытай юанінің орташа бағамы 76,17 теңге болды (+0,23).

Айырбастау орындарында доллар 543,9-546,3 теңге, еуро 635-639 теңге, рубль 6,43-6,55 теңге аралығында сатып алынып, сатылуда.

26 қыркүйектегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы да өсті.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,16 долларға қымбаттап, 69,58 долларды құрады.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,25 долларға өсіп, 65,23 доллар болды.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 541,68 теңге, еуро – 636,26 теңге, рубль – 6,48 теңге деңгейінде белгіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әлім Алмат өмірден өтті