Kaspi.kz мақсатты модель аясында бірыңғай QR жүйесіне қосылды

Сурет: Kaspi.kz
Kaspi.kz мақсатты модельдің аясында ҚР Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясымен бірыңғай QR жүйесіне қосылу туралы келісімге қол қойды.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былайша түсіндіріп өтті:

"Биыл біз Ұлттық банкпен бірлесіп, әсіресе операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде белсенді жұмыс істедік. Бірыңғай QR жүйесіне қосылу — Қазақстанда кең, заманауи әрі қауіпсіз төлем инфрақұрылымын құрудағы маңызды қадам. Сүйікті клиенттеріміз жақын арада кез келген банктің QR-коды арқылы төлей алады".

Бірыңғай QR бойынша төлемдер Ұлттық Банктің орталық инфрақұрылымы арқылы өтеді. Барлық банктер бұл инфрақұрылымға тең талаптармен қосылады. Мақсатты модель клиенттер мен компанияларды алаяқтық тәуекелдерінен ең жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан
Kaspi.kz
ҚР Ұлттық Банкі
Ломтадзе Михаил

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған