Қазақстандықтар ақшасын жаппай банкке сала бастаған

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Халық ақшасын жаппай банкке сала бастады. Қазақстанның депозиттерге кепілдік қоры дерегіне сәйкес, биыл 10 айда жеке тұлғалардың депозиттері 2,1 триллион теңгеге өскен.

Сөйтіп, депозиттегі ақша 26,6 триллион теңгені құрады. Негізгі өсім теңгелік салымдар есебінен. Ал доллар мен еуродағы жинақтар керісінше азайған, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұған басты себеп – биыл Ұлттық банк базалық мөлшерлемені екі рет көтерді. Нәтижесінде банктер депозит пайызын арттырды.

Қазір кейбір салымдар жылына 20 пайызға дейін табыс әкеледі. Бұл көрсеткіш инфляциядан жоғары, яғни азаматтар ақшасын сақтап қана қоймай, нақты пайда көріп отыр.

Бүгінде қаржылық ұйымдар клиент тарту үшін тек пайызбен емес, қызмет сапасымен, цифрлық мүмкіндіктерімен де бәсекеге түсе бастады.

Сондықтан тұрғындар қаржысын бір емес, бірнеше банкке бөліп салуға көшкен. Бұл үрдіс халықтың банктерге деген сенімінің артуының белгісі, дейді мамандар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы