19 желтоқсандағы сауда-саттықта доллар бағамы 3,5 теңгеге қымбаттады

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 19 желтоқсанда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 517,66 теңгені құрады. Осылайша, АҚШ валютасы 3,54 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 6,38 теңгеге дейін төмендеді (–0,02).

Қытай юанінің бағамы таңғы саудада 73,60 теңге болды (+0,65).

Айырбастау пункттерінде доллар 517,7–519,7 теңгеден, еуро 604,9–609,7 теңгеден, рубль 6,38–6,52 теңгеден сатып алынып, сатылуда.

19 желтоқсанда әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,18 долларға арзандап, 59,64 долларды құрады.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы 0,13 АҚШ долларына төмендеп, барреліне 56,02 доллар болды.

Бұған дейін Ұлттық банк 19 желтоқсанға арналған ресми бағамды: доллар – 513,55 теңге, еуро – 602,09 теңге, рубль – 6,42 теңге деңгейінде белгілеген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі