Қазақстанда 2025 жылы өнім экспорты рекордтық деңгейге жетті

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның тамақ өнеркәсібі өнімдерінің экспорты 3,1 млрд АҚШ долларына жетіп, рекорд орнатты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,5%-ға көп (2024 жылы – 2,3 млрд доллар), деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталық Азияға басымдық

Экспорттың өсуі тек сату географиясының кеңеюімен ғана емес, сонымен қатар экспорт құрылымының әртараптануымен – дәстүрлі өнімдерден бастап қосылған құны жоғары тауарларға дейін ұлғаюымен байланысты,- дейді экономист Ернар Серік.

Сарапшының пікірінше, дәстүрлі шикізат экспортына тәуелділіктің азаюы және жаңа өңірлерге жеткізілімдердің артуы Қазақстан агросекторының тұрақтылығының маңызды көрсеткіші болып отыр.

Экспорттың негізгі өсімін Орталық Азия елдері қамтамасыз етті. Ернар Серіктің мәліметінше, өңір елдеріне жеткізілім көлемі 44%-ға өсіп, 1,5 млрд долларды құраған.

Сурет: Zakon.kz

Май, ет, шоколад – экспорт көшбасшылары

Экспорттық тауарлар құрылымында айтарлықтай өзгерістер байқалады. Бұған дейін негізгі экспорттық өнім саналған дәстүрлі тауарлар өз орнын өсімдік майларына, мал азығына, ет пен қантқа бере бастады.

"Бұл өнімдер осы жылға дейін Қазақстанның негізгі экспорттық азық-түлігі саналған ұнды айтарлықтай ығыстырды", – дейді Ернар Серік.

Шектеулерге қарамастан

Экономистің айтуынша, экспорттағы рекордтық көрсеткіштер Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Уақытша шектеулер мен тыйымдарға қарамастан, экспорт көлемі төмендемей, керісінше айтарлықтай өскен.

"АӨК саласы барған сайын тұрақты, технологиялық жағынан дамыған әрі қосылған құны жоғары өнім өндіруге бағыт алып отыр", – деді Ернар Серік.

2025 жылдың 10 айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 116,3 млрд долларды құрап, елдің әлеммен экономикалық байланыстары айтарлықтай кеңейді.

Әсіресе, астық экспорты бойынша рекордтар тіркелді: 2024–2025 маркетингтік жылы Қазақстан 13,4 млн тонна астық, ал жемдік ұнды есепке алғанда 15 млн тоннадан астам өнім экспорттады.

2024 жылы Қазақстанның жалпы шикізаттық емес экспорты 28,8 млрд долларды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,9%-ға өсті. Оның елдің сыртқы сауда құрылымындағы үлесі 35%-ға жақындап, экспорттық модельдің біртіндеп әртараптанып келе жатқанын көрсетіп отыр.

Ресей
Қазақстан
Қырғызстан
Өзбекстан
Түрікменстан
Қытай
Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ахмет Жұбановтың 120 жылдығы ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтті

"Аптап ыстық, қатты жел, нөсер жаңбыр". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды