Екінші деңгейдегі банктерден алынған несиелер есептен шығарылатыны рас па - ресми түсініктеме

Сурет: freepik
Әлеуметтік желіде "екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы" тарап жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы 2026 жылы 10 қаңтарда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің Telegram арнасында бұл ретте былай делінеді:

"Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әртүрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз".

Сондай-ақ құзырлы мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік қарастырылатынын еске салады.

Қазіргі таңда елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі қолданыста екені нақтыланады.

Аталған тетіктің жұмысы туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан толығырақ оқып-біле аласыздар.

2026 жылы алтынға инвестиция салу тиімді ме? Бұл туралы сарапшылар пікірімен мына арадан таныс бола аласыздар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!