1 млрд теңге заңсыз дивидент әшкереленді: Қаржы министрлігі Алматы әуежайын тексерді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында Алматы халықаралық әуежайының қаржылық қызметіндегі кемшіліктерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті 27 қаңтарда жүргізілген тексерудің барысында акционер болып саналмайтын заңды тұлғаға 6,8 млрд теңге сомасына дивидендтердің заңсыз төленгені әшкереленгенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, бұл стратегиялық нысанның активтері мен даму мүмкіндіктерін төмендетіп, оның қаржылық тұрақтылығына әсер етті. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті қаражат әуежайдың шотына толығымен қайтарылды. Аталған ақша АХӘ дамытып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен басқа да сервистерді жақсартуға бағытталатын болады.

ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров айтқандай, 2025 жылы енгізілген тың тәсілдердің арқасында бақылау органы жаппай тексерудің орнына атаулы(нақты) түрдегі жұмысқа басымдық берген. Комитет сын-қатері жоғары аймақтарға баса мән беріп, осы тәсіл тиімділіктің артуына әсер еткен. Тұтастай алғанда, тексерулер 22% қысқарып, анықталған бұзушылықтар сомасы 36% ұлғайған. Жүргізілетін әр тексерудің үштен бірінің тиімділігі артып келеді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 400,0 млрд теңге қайтарылып, сондай-ақ 1,2 млрд теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Бұған дейін Қазақстан азаматының банктік шотынан 30,7 млн теңге табылып, тәркіленгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды