АҚШ доллары индексі соңғы төрт жылдағы ең төменгі деңгейге түсті

Фото: Zakon.kz
АҚШ долларының негізгі әлемдік валюталарға қатысты өзгерісін көрсететін доллар индексі Лондондағы ICE биржасындағы сауда барысында 96,2 пункттен төмен түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда деректеріне сәйкес, мұндай көрсеткіш соңғы рет 2022 жылғы 23 ақпанда тіркелген.

Қазақстан уақытымен 27 қаңтар күні сағат 21:38-де АҚШ доллары индексі 0,91 пайызға төмендеп, 96,175 пунктті құрады. Ал 22:08-де төмендеу қарқыны баяулап, индекс 96,229 пункт деңгейінде болды (–0,85%).

АҚШ доллары индексі америкалық валютаның алты шетел валютасынан тұратын қоржынға қатысты бағамын көрсетеді. Оған еуро, иена, фунт стерлинг, канадалық доллар, швед кронасы және швейцар франкі кіреді.

Индекс неғұрлым жоғары болса, доллар осы валюталарға қатысты соғұрлым нығая түскенін білдіреді.

Бұған дейін "Бай әке, Кедей әке" кітабының авторы алтын бағасына қатысты болжамын айтқанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды