ҚНРДА банктердің халықаралық операцияларына қатысты тексеру жүргізуге бастамашылық танытты

Сурет: freepik
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) бірқатар банктердің халықаралық операцияларына қатысты тексеру жүргізуге бастамашылық танытты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік бұл реттегі тексеріске Ұлттық Банк пен ҚМА да қатысатынын нақтылады.

"Жекелеген банктердің трансшекаралық операциялары мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының келіп түскен сауалдарына байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мынаны хабарлайды. Аталған мәселелерді қарастыру үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан Ұлттық Банкінің және Қаржы мониторингі агенттігінің қатысуымен белгіленген тәртіп бойынша бірқатар банктердің трансшекаралық операцияларын тексеруге бастамашылық жасалды", делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін 31 қаңтарда "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша өткен - 2025 жылға арналған төлемдердің көлемі белгілі болды. Осыған байланысты Zakon.kz сайтына Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков сұқбат берген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғылым Қазақстанның энергетикасын қалай өзгертеді - сарапшымен сұхбат

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

Қазақстандағы топ-5 тарихи орындар мен ескерткіштер

БҚО-да балалар орталығының бухгалтері бюджеттен 9 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды