23 ақпандағы саудада доллар бағамы өсуді жалғастырды

Фото: pexels
2026 жылғы 23 ақпанда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа салмақты бағамы 497,33 теңгені құрап, тағы 1,29 теңгеге өсті.

Ресей Федерациясындағы мереке күніне байланысты ресей рублі бойынша сауда жүргізілген жоқ.

Қытайдағы мереке күндеріне орай юань бойынша да сауда болған жоқ.

Айырбастау пункттерінде доллар 495,3–498 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда, еуро – 585,1–590 теңге, рубль – 6,34–6,45 теңге аралығында.

Әлемдік нарықта 23 ақпанда мұнай бағасы төмендеуде.

Мамыр айындағы Brent маркалы мұнай фьючерсі 0,9%-ға арзандап, барреліне 70,66 долларды құрады.

Сәуір айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 1%-ға төмендеп, барреліне 65,80 доллар болды.

Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллар бағамын 494,66 теңге, еуроны – 581,87 теңге, рубльді – 6,43 теңге деңгейінде белгілеген еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды