29 қыркүйектегі сауда-саттықта доллар бағамы тағы төмендеді

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, евро, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, курс евро, курс евро к тенге, повышение курса евро, повышение евро, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 15:40 Фото: freepik
2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,83 теңгеге төмендеп, 439,37 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,01 теңгеге төмендеп, 5,21 теңге болды. Ал Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 0,49 теңгеге арзандап, 65,46 теңгені құрады.

Ақша айырбастау орындарында долларды 438,3 теңгеден сатып алып, 440,4 теңгеден сатып жатыр. Еуроның сатып алу және сату бағамы – тиісінше 498,6 және 503,2 теңге, рубльдікі – 4,95 және 5,07 теңге.

29 қыркүйекте әлемдік биржаларда мұнай бағасы өсіп жатыр. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 1,92 долларға қымбаттап, 107,2 доллар болды.

Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 1,49 долларға қымбаттап, 94,09 долларға жетті.

Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 441,77 теңге, еуроны 502,38 теңге, рубльді 5,23 теңге деп белгіледі.

29 қыркүйектің бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын осы материалдан оқуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: