Қазақстанға 2 млн тоннадан астам картоп қажет

Зеленый базар, рынок, продукты питания, овощи, овощной отдел, цены на овощи, стоимость овощей, картофель, картошка, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 15:49 Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова 2026 жылғы 29 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте елдегі картоп қоры мен биылғы өнімге қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл картоптан жақсы өнім күтіліп отыр.

"Елдің жалпы қажеттілігі 2 млн тоннадан асады. Өткен жылы 2,8 млн тонна картоп жинадық. Биыл да өнім көлемі былтырғы деңгейде болады деп күтеміз. Өндірілген өнімнің барлығына жуығын көкөніс қоймаларында сақтай аламыз: олардың сыйымдылығы – 2,6 млн тонна. Импортқа келсек, қор таусылып, ерте пісетін картоп әлі түспеген маусымаралық кезеңде, яғни мамыр-маусым айларында, сырттан картоп әкелінеді", – деді Хатепова.

Вице-министрдің сөзінше, маусымаралық кезеңде ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін елде ерте пісетін картоптың егіс алқабы жыл сайын ұлғайтылып келеді.

"Демек, картоп көлемі жеткілікті. Биыл да экспорттық әлеует сақталады, көкөніс қоймалары да жеткілікті", – деп қосты ол.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ет бағасына қатысты болжамын осы материалдан оқуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: