Қазақстанда астық сақтайтын 190 лицензияланған элеватор жұмыс істейді
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова 2026 жылғы 29 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте елдегі астық сақтау қуаттары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның сөзінше, Қазақстанда астық сақтауға арналған орындардың жалпы сыйымдылығы 30,5 млн тоннаны құрайды. Бұл көрсеткішке лицензияланған элеваторлармен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өз қоймалары да кіреді.
"Қазір елде 190-ға жуық лицензияланған элеватор жұмыс істейді. Қолда бар сақтау орындары былтырғы жылдардан қалған астықты есепке алғанда да биылғы өнімді толық сақтауға жеткілікті", – деді Хатепова.
Вице-министрдің айтуынша, биыл астық сақтау орындарының тапшылығы күтілмейді.
Бұған дейін астықтың 17%-ы әлі егіс алқаптарында қалғаны хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript