Биылғы астық түсімі былтырғы рекордтық көрсеткіштен төмен, бірақ орташа деңгейден жоғары болады – АШМ

Зерно, пшеница, посев, сельское хозяйство, сельхозтехника, комбайнеры, сельскохозяйственная техника, сбор зерна, зерно, урожай, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 15:10 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова 2026 жылғы 29 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте биыл Қазақстанда шамамен 23 млн тонна астық жиналады деп болжанып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер одан жыл қорытындысы бойынша дәнді дақылдар түсіміне қатысты болжамды нақтылауды сұрады.

"Биыл астық түсімі көпжылдық орташа көрсеткіштен жоғары болады деп болжап отырмыз. Соңғы 5, 10 және 15 жылдағы орташа өнімді алсақ, жылына шамамен 18–19 млн тонна дәнді дақыл жинағанбыз. Биыл бұл көлем одан жоғары болады. Бірақ, әрине, былтырғы көрсеткішке жетпейді", – деді Назгүл Хатепова.

Оның айтуынша, кейінгі екі жылда рекордтық өнім жиналған: астықтың бастапқы салмақтағы көлемі 27,5 млн тоннаны құраған.

"Қазірдің өзінде шамамен 20 млн тонна астық жиналды. Бұл – жалпы көлемнің 83%-ы. Жыл қорытындысы бойынша шамамен 23 млн тонна, мүмкін, одан сәл көбірек астық жинауды жоспарлап отырмыз", – деді вице-министр.

Бұған дейін Назгүл Хатепова елде әлі қанша астық жиналмағанын айтқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: