Қазақстанда 10 мың теңгелік ескі купюраларды қолдану мерзімі ұзартылды

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 6 наурызда өткен брифингте Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы Тимур Сүлейменов 10 мың теңгелік ескі купюраларды қолдану мерзімі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 10 мың теңгелік ескі купюраларды қолдану мерзімі тағы бір жылға ұзартылмақ.

"Бұл купюраларға сұраныс өте жоғары және екінші деңгейлі банктер бізге осы мерзімді тағы бір жылға ұзартуды сұрады. Бұл қалыпты жағдай. Мерзім 2027 жылғы маусым айында аяқталуы керек", – деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.

Айта кетейік, 2026 жылғы 26 қаңтарда Ұлттық банктің баспасөз қызметі ескі банкноттарды жаңа "Сақ стилі" сериясына ауыстыру туралы маңызды мәлімдеме жасаған болатын.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз