Ұлттық банк номиналы 10 000 теңге болатын ескі банкноттар бойынша жағымды жаңалықпен бөлісті

Фото: Zakon.kz
ҚР Ұлттық Банкі 2026 жылғы 26 наурызда номиналы 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жағымды жаңалықты монетарлық реттеушінің баспасөз қызметі таратты:

"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі номиналы 10 000 теңгелік банкноталардың айналымда қатар жүру мерзімін бір жылға – 2027 жылғы маусымға дейін ұзартылатынын хабарлайды. Бұл шешім Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының ұсынысын ескере отырып қабылданып отыр және ескі үлгідегі банкноталарды есеп айырысу кезінде қосымша бір жыл ішінде пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі банкноталарға кезең-кезеңмен ауыстыруды көздейді",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, ведомство "Сақ стилі" сериясымен шығарылған жаңа банкноталарды кезең-кезеңімен шығаруды жалғастыруда, оның аясында ескі үлгідегі банкноталарды жаңасына рет-ретімен ауыстыруды қамтамасыз ететін айналымда қатар жүру механизмі қолданылады.

"Ол кезең аяқталған соң барлық банктер мен "Қазпошта" АҚ ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға тағы 3 жыл бойы, ал Ұлттық Банктің филиалдары – мерзімсіз айырбастайтынын атап өтеміз"Ұлттық Банк

Белгілі болғандай, жаңа және ескі үлгідегі банкноталар айналымда қатар жүрген кезеңде заңды төлем құралы болып қала береді, олар ҚР бүкіл аумағында белгіленген құнына сай барлық төлемдер мен аударым түрлерін жүзеге асыруға, банк шоттарына аудару үшін қабылдануға жатады.

Бұған дейін 26 наурызда доллар бағамы аздап төмендегенін жазғанбыз.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

9 тамыздағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Атыраулық ит Лакидің Америкадағы өмірі туралы не білеміз

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

2026 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды