Бүгіннен бастап көлік салығын төлемегендерге өсімпұл қосылады

Фото: freepik
Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарына 2025 жылғы көлік салығын төлеу үшін 31-ші наурызға дейін уақыт берген еді.

Салық мөлшері заңда белгіленген есеп бойынша есептеледі. Былтырғы есептік көрсеткіш — 3 мың 932 теңге, деп жазады qazaqstan.tv.

Салықты төлеуге асығыңыз, өйткені кешіккен әр күнге өсімпұл қосылатынын ескертеді.

Ал 10 мамырдан кейін де берешек өтелмесе, мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады – тіпті банктік шоттар мен мүлікке тыйым салынуы мүмкін.

Көлік салығы туралы ақпарат eGov және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды