Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 471,93 теңге болып, 4,24 теңгеге өсті.
Ресей рублі 6,62 теңгеге дейін қымбаттады (+0,16).
Юаньның орташа бағамы 69,22 теңге болды (+0,57).
Айырбастау пункттерінде доллар 470,5–472,6 теңге аралығында сатылып/сатып алынды, еуро – 546,7–552 теңге, рубль – 6,35–6,49 теңге аралығында.
Сондай-ақ 19 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері ICE Futures биржасында 1,63%-ға арзандап, барреліне 110,27 доллар болды.
NYMEX биржасында WTI мұнайының шілде фьючерстері 1,01%-ға төмендеп, 103,33 долларды құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 467,58 теңге, еуроны 543,66 теңге, рубльді 6,44 теңге деңгейінде белгіледі.