Ұлттық банк теңгенің ресми бағамы белгіленетін шетел валюталарының тізімін кеңейтті

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық банкінің басқармасы 2026 жылғы 22 маусымдағы қаулысымен ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Ұлттық банк теңгенің ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының саны 39-дан 48-ге дейін көбейді.

Тізімге мына валюталар қосылды:

Бұған дейінгі тәртіптегідей, тізімде АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі, Қытай юані, Ұлыбритания фунт стерлингі, Жапония иенасы, Оңтүстік Корея воны және басқа да негізгі шетел валюталары сақталды.

Сонымен қатар қағидаға бірқатар өзгеріс енгізілді.

Атап айтқанда, құжатқа "АЦЖ" (автоматтандырылған цифрлық жүйелер) ұғымы енгізілді.

Сондай-ақ ұлттық валютаның атауы "тенге" емес, мемлекеттік тілдегі ресми жазылуына сәйкес "теңге" болып өзгертілді.

Жаңа тәртіпке сәйкес, Астана уақытымен сағат 15:30-дағы АҚШ долларына қатысты орташа өлшенген биржалық бағам келесі жұмыс күніне арналған теңгенің ресми бағамы ретінде белгіленеді.

Ал өзге шетел валюталары бойынша теңгенің ресми бағамын Ұлттық банк АҚШ долларына қатысты кросс-бағам негізінде есептейді. Бұл үшін қор биржасындағы сауда күні сағат 16:00-дегі халықаралық ақпарат агенттіктерінің сұраныс котировкалары пайдаланылады. Осылайша есептелген бағам келесі жұмыс күніне ресми бағам ретінде қолданылады.

Егер есептеу нәтижесінде шетел валютасының теңгеге шаққандағы ресми бағамы бірден төмен болса, валютаның номиналы қажетті мәнге дейін ұлғайтылып есептеледі.

Сондай-ақ ресми бағам туралы құжат қол қойылған күні Астана уақытымен сағат 18:00-ге дейін Ұлттық банктің құрылымдық бөлімшелеріне, екінші деңгейлі банктерге және өзге мүдделі ұйымдарға ресми байланыс арналары (SWIFT банкаралық ақпарат алмасу және төлем жүйесі) мен электрондық пошта арқылы жолданады.

Ресми бағам туралы ақпарат сол күні сағат 24:00-ге дейін Ұлттық банктің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

Қаулының негізгі нормалары 2026 жылғы 6 шілдеден, ал жекелеген ережелері 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
ҚР Ұлттық Банкі
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті

Мектептерде смартфон қолданудың жаңа тәртібі әзірленіп жатыр