11 тамыздағы саудада доллар арзандап, рубль қымбаттады
Фото: freepik
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,38 теңгеге төмендеп, 465,74 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 0,03 теңгеге көтеріліп, 5,67 теңгеге жетті.
Қытай юанінің бағамы 0,53 теңгеге өсіп, 69 теңгені құрады.
Айырбастау пункттерінде доллар 465,49-467,52 теңгеден, еуро 535,28-540,31 теңгеден, рубль 5,40-5,53 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
11 тамыздағы таңғы саудада мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді.
Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,20 долларға қымбаттап, 87,91 долларды құрады.
Нью-Йорктегі NYMEX биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,23 долларға көтеріліп, 82,36 долларға жетті.
Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 466,08 теңге, еуроны 538,56 теңге, рубльді 5,65 теңге деңгейінде белгіледі.
11 тамызда күннің бірінші жартысында Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде шетел валюталарының қандай бағаммен сатып алынып, сатылғанын осы жерден білуге болады.