4 тамыздағы сауда-саттықта доллар мен рубль арзандады

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, доллар и тенге, доллары и тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2026 15:44 Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 4 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,25 теңгеге төмендеп, 471,98 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы да аздап төмендеп, 5,82 теңге болды (-0,11).

Күндізгі сауда-саттықта Қытай юанінің бағамы 68,98 теңгені құрады (-0,25).

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 471-473,1 теңгеден, еуро 541-546 теңгеден, рубль 5,57-5,71 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

4 тамыздағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы өсіп келеді.

Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,99 долларға қымбаттап, 84,76 доллар болды.

Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнай баррелінің бағасы 0,53 долларға өсіп, 80,87 долларға жетті.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 475,38 теңге, еуроны 547,73 теңге, рубльді 5,93 теңге деңгейінде белгіледі.

4 тамызда күннің бірінші жартысында Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын осы жерден білуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: