Қазақстандықтар несиені ешқандай шығынсыз мерзімінен бұрын өтей ала ма

Фото: freepik
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026 жылғы 4 тамызда азаматтарға банктік қарыздар мен микрокредиттерді мерзімінен бұрын өтеу кезінде нені ескеру қажет екенін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтарға банктік қарыздар мен микрокредиттерді мерзімінен бұрын өтеу кезінде қарыз алушылардың құқықтары туралы ескертілді.

"Кредитті мерзімінен бұрын өтеу сыйақы төлеу шығыстарын азайтуға және кредитор алдындағы міндеттемелерін тезірек орындауға мүмкіндік береді. Қарыз алушы берешекті толығымен өтей алады және кредитті жаба алады не борышын мөлшерін мерзімінен бұрын қысқарта отырып, белгіленген төлем кестесінен жоғары соманы енгізе алады",- делінген ақпаратта.

Ал, ішінара мерзімінен бұрын өтеу кезінде, әдетте, қарыз шарттарын қайта есептеудің екі нұсқасы қарастырылады:

"Бұл ретте банктер мен микроқаржы ұйымдары заңнаманың талаптарына сәйкес мерзімінен бұрын өтеудің ішкі рәсімдерін белгілеуге құқылы. Мұндай рәсімдер өтініш беру тәртібін, оны қарау мерзімдерін, есептеу күндерін және басқа да ұйымдастырушылық мәселелерді көздеуі мүмкін". ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Төлемді мерзімінен бұрын енгізбес бұрын кредитордан берешекті қайта есептеу тетігін, ақшалай қаражатты есептен шығару тәртібін, сақтандыру сыйлықақысын (ол болған кезде) қайтару шарттарын,сондай-ақ ипотекалық қарыз болған жағдайда мүлік кепілі бойынша ауыртпалықты алу рәсімін нақтылауға кеңес беріледі.

"Агенттік 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер күшіне енгенін еске салады. Осы өзгерістерге сәйкес қарызды мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұлдар мен өзге де санкциялар тек заңды тұлғаларға қатысты қолданылуы мүмкін. Жеке тұлғалар айыпақы төлемей кез келген уақытта кредитті толық немесе ішінара өтеуге құқылы. Бұл норма барлық қолданыстағы қарыз шарттарына, оның ішінде өзгерістер күшіне енгенге дейін жасалған шарттарға қолданылады". ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Мерзімінен бұрын өтеу қарыз жүктемесін азайтуға, артық төлемнің жалпы сомасын қысқартуға мүмкіндік береді және оң кредит тарихын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар кредитті өтеуге қаражат жұмсау туралы шешім қабылдамас бұрын ағымдағы қаржылық жағдайыңызды бағалауға кеңес беріледі.

Бұған дейін Ұлттық Банк тамыз айында ақша бағамына ықпал етуі мүмкін факторларды атағанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

ІІМ: Заңсыз контент таратқан 20-дан астам стример жауапкершілікке тартылды

Шетелдіктерге Қазақстанға кіруге электрондық рұқсат беріледі