"Самұрық-Қазына" штаттық режимде жұмыс істеп жатыр - компания мәлімдемесі

Сурет: "Самұрық-Қазына" АҚ
"Самұрық-Қазына" АҚ мен қор тобының компаниялары өз қызметін штаттық режимде жалғастырып жатыр. Сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталуынан кейін компанияның баспасөз қызметі осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның Telegram арнасында жарияланған мәлімдемеде былай делінеді:

"Инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары және іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттемелер өз күшін сақтайды және қолданыстағы келісімдердің талаптарына сәйкес орындалады".

Сондай-ақ қордың инвестициялық жобалары мен стратегиялық бағдарламалары бекітілген жоспарларға сәйкес іске асырылып жатқаны да нақтыланады.

"Қор қаржылық және институционалдық тұрақтылығын сақтап, стратегиялық қызметтерді орындауды жалғастыруда әрі қазақстандық және халықаралық инвесторлар үшін сенімді серіктес болып қала береді. "Самұрық-Қазына" АҚ өз міндеттемелерінің өзгеріссіз қалатынын және барлық серіктестерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растайды". "Самұрық-Қазына" АҚ

Бұған дейін 2026 жылғы 11 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Н. Жақыповты ұсталғанын хабарлаған болатын. Оған сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдік келтіріледі.

Қазақстан
Самұрық-Қазына

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды