Nvidia басшысы Дженсен Хуанг отставкаға кетті

Сурет: Instagram/nvidia
Америкалық технологиялық алпауыт және әлемдегі ең қымбат чип өндірушілерінің бірі Nvidia компаниясының бас директоры, президенті және директорлар кеңесінің мүшесі Дженсен Хуанг 30 жыл басшылық еткен қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания сайтында атап көрсетілгендей, Nvidia-ның атқарушы вице-президенті және қаржы директоры қызметін атқаратын Колетт Кресс бас директордың міндетін уақытша атқаруға келіскен.

"Ол компанияға тұрақты басшы тағайындалғанға дейін атқарушы вице-президент және қаржы директоры қызметтерін атқаруды жалғастырады. Директорлар кеңесі жаңа бас директор іздеп, ішкі, сондай-ақ сыртқы кандидаттарды қарастырады", делінген 2026 жылғы 12 қарашадағы ресми хабарламада.

Бұл отставка Хуангтың жеке өміріне қатысты орын алған даудың аясында болды.

Nvidia Corporation – жеделдетілген есептеулер мен жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы әлемдік көшбасшы, америкалық технологиялық корпорация. 1993 жылы Дженсен Хуанг, Крис Малаховски және Кертис Прэм негізін қалаған компания бейнеойындарға арналған графикалық чиптерді әзірлеуден әлемдегі ең қымбат ЖИ инфрақұрылымын өндірушіге айналған, нарықтық капитализациясы 5,2-5,3 трлн долларды құрайды.

Айта кетсек, 2026 жылы 23 қазанда Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдаған болатын. Сондай-ақ хакерлер Binance биржасын "бұзып", 6 млрд долларды үптеп кеткені хабарланған. АҚШ президенті бұған Солтүстік Корея хаккерлерін айыптаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды